Арманжан Байтасов бизнесті қолдауға арналған медиажобаны іске қосты

Арманжан Байтасов бизнесті қолдауға арналған медиажобаны іске қосты

Арманжан Байтасов бизнесті қолдауға арналған медиажобаны іске қосты, деп хабарлайды newinfo.online.

Жаңа жобаның мақсаты экономиканың күрделі кезеңінде қазақстандық бизмендерге жағдай жасау. Бағдарлама «Қазақстана жасалған» деп аталады.

Арманжан Байтасовтың айтуынша, отандық кәсіпкерлер жобамен серіктес медиакомпаниялар арқылы өз тауарлары мен қызметтерін жарнамалай алады. Осылайша тұтынушылар мен сатып алушылардың қызығушылығын тудырып, сауда көлемін арттыра алады.

«Кез келген кәсіпкер өз бизнесі, тауарлары немесе қызметтері туралы мекен-жайына ұсыныс жібереді. Сонымен бірге өзінің бизнес тарихын жазады. Себебі, бізге оның кәсібін қалай бастағаны және алдағы жоспарлары қызықты. Барлық өтініш хаттар іріктеліп таңдалады. Жоба тек сапалы өнімдерді жарнамалайды Ал кәсіп түрі (медицина, автокөлік, ІТ-қосымшалар т.б.) маңызды емес. Ең бастысы өнім Қазақстанда жасалған болуы керек», — деп атап өтті Арманжан Байтасов.